Керекті сөздерді пайдаланып мақалөмәтелдері толықтылыңдар, мағыналарын түсіндіріп беріңдер. 1) ағашты жердің ырысы мол, бауырмашылдың 2)ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне 3)қураған ағаш қураған шыбық . 4) еккен шынарды . керекті сөздер: иілмес, саялайды, мол, егілмес, шаппа.

хочуха04 хочуха04    1   01.08.2019 14:40    7

Ответы
nastyamerteshoНастя nastyamerteshoНастя  03.10.2020 19:44

Керекті сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдерді толықтыру,мағыналарын түсіндіру:

1) Ағашты жердің ырысы мол,

Бауырмашылдың туысы мол.

Мағынасы: Ағашы көп жерде молшылық,береке болады.Ал бауырмашыл болсаң туысың мен жақындарың көп болады.Сондықтан да бауырмашыл болу қажет.

2) Ағаштың жемісін жеймін десең,түбіне балта шаппа.

Мағынасы: Бұл мақалды отбасы тәрбиесіне қарастырып түсіндірсе болады.Мысалы,балаңның жеңісін,қуанышын, жетістігін көрем десең,оның қанатын сындырмай,дегеніне жеткізуге көмектесе білу керек,оған сүйеніп болып,қолдау керек.

3) Қураған ағаш иілмес,қураған шыбық егілмес.

Мағынасы: Бұл өмірді қураған ағаш пен шыбық секілді өмір сүрсек біз ешнәрсеге қол жеткізбейміз.Керісінше сәтсіздіктерге тап боламыз.Сондықтан да үнемі жадырап, жайнап,белсенді жүру керек.

4) Бабалар еккен шынарды балалар саялайды.

Мағынасы: Біздің ата-бабамыз ұзақ жылдар бойы жаумен күресіп осынау байтақ даланы,тәуелсіздікке алып берді,бізге мұра етіп қалдырды.Біз енді соның жемісін,рақатын көріп,бақытты өмір сүрудеміз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi