Кең-байтақ Қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдікке аса бай. Соның бірі — даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын қызғалдақ. Біздің жерімізде Қызғалдақтың 32 түрі кездеседі. Оның 12 түрі — эндемикалық, ЯҒНИ тек Қазақ жерінде ғана өсетін қызғалдақ саналады. Сондықтан Қазақстан «Қызғалдақтың отаны» аталады. «Қай ел — қызғалдақтың отаны?» деген сұрақ бойынша талас та бар. Дүниежүзінде Қызғалдақтың тұқымын алып, өсіріп жатқан ел көп. Бірақ Қазақстандағы қызғалдақтар табиғи таза, к сімдік саналады. Сондықтан олар хош иісті, айналасына ерекше жұпар шашып тұрады. Олардың биіктігі 30-35 см болады. Қызғалдақтың түстері де алуан түрлі бо- лып келеді: қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары және т.б. Қызғалдақтардың ішінде көп кезде- сетіні қызыл және сары түстілері. Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі «Қызыл кітапқа» тіркелген. Сондықтан Қызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау керек.