Казасский язык 2 '3 задание Вот текст - тапсырма Мәтінді мұқият оқып , мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз . Тұмар ( Томирис ) патшайым . Томирис - Массагет тайпаларының ханшайымы ( б . з . б . 531-528 ) Томирис ержүрек , батыр болып тәрбиеленеді . Геродоттың естелігінше Парсы патшасы Кир Томириспен болған соғыста қаза болған . Кир патша Томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрiнiп , елшілер жіберді . Томирис Кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп , оның ұсынысын қабылдамайды . Қулығы іске аспаған Кир 530 ж . Массагеттерге ашық соғыс жариялайды . Кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді . Массагеттер Кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап , олардан қалған тағамдарынан уланады . Соғыста Томиристің баласы Спаргапес тұтқынға түседі . Томирис баласын босатуын сұрайды . Бірақ , Спаргапес ұяттан өзін - өзі өлтіреді . Томирис айтқанын тыңдамаған Кирге қарсы шабуылға шығады . Шайқаста массагеттер жеңіп , Кирдің өзі өлтіріледі де , әскерінің көпшілігі қаза табады . Томирис торсықты қанға толтырып , оған Кирдің басын салуға бұйрық береді : « Сен қанға құмартып едің , енді шөлің қансың ! » дейді . Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп , қара қылды қақ жарған әділдігімен , данышпандығымен , көрегендігімен халқын талай таң қалдырды . Олар өз басшысы туралы жыр толғап , оның атын жырға айналдырған . Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп , ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады . Амазонка қыз болып тарихта есімі қалды . ( « амазонка » — салт атқа мініп , қару - жарақ аcынып жүретін әйелдер .


Казасский язык 2 '3 задание Вот текст - тапсырма Мәтінді мұқият оқып , мәтін мазмұнына сай берілген

Ник13743803 Ник13743803    3   09.12.2020 13:05    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi