"казакстаннын байлыгы" такырыбына #нгiме курастырыныз.

vitalik153fb vitalik153fb    2   08.06.2019 22:30    3

Ответы
777kicigina 777kicigina  07.07.2020 22:18
Қазақстанның минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және малибден-үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен никель- сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің үлесі 200млрд. тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Шу, Теңіз-Қорғалжын, Іле, Орал Каспий жатады.
Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам мұнай мен газ кен орыедарыныңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат шамамен 700 млн. т
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi