Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді»,-деп Б.Бұлқышев дәл тауып айтқан екен. Расымен де, өміріміздің сәнді де мәнді болуы тек қана өзімізге байланысты. Жер басып жүрген а ң әрқайсысы өз тағдырының алдында аса үлкен жауапкершілікке ие. Бәріміздің көксегеніміз бір- бұралаңы мен соқпағы көп осынау өмір жолында аңсаған арманға адаспай жетіп, бақытты болу. Өкінішке орай, бұл кез келгеннің қолынан келе беретін оңай іс емес. Нағыз бақытқа қол жеткізу үшін бойымызда сарқылмас төзім, қайтпас қайсарлық, жасымас жігер тәрізді қасиеттердің болуы маңызды екені белгілі. Алайда, менің ойымша, ең алдымен талап етерлік қасиет - өз өміріне деген жауапкершілікті сезіне білу.