казак тили Мәтіндегі мұқия оқыңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.
Жақсы дос- жан азығы
Достық – адамдардың бір-біріне адал,қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.Нағыз достық кісіге шабыт беріп,өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға,басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.Дос-жандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін.Мысалы, біреуінде қызбалық не шабшандық, не екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды,қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.Сатқандық, екі жүзділік, өтірікшілік,өзімшілдік достықпен сыйыспайды.Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:«Дос жылатып,дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсынығ,өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны-өлгені,қайғының бәрі соның басында».Достыққа қарама-қарсы ұғым-қастық пен күншілдік.Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын,ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегенің не екендігін білмейді.Дұрыс дос таңдай білу-өмірлік мақсаттардың бірі.Достық-бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын.Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап,берік сақтау керек.Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты.Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек.Қайтарымын қажет етпей, біреудің жолдарын үйрену керек.Сенім мен жарқын көңіл-достықты берік ететін тірек саналады.Өзі шынай дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.