Бен Хайне - 1983 жылдың 6 желтоқсанында батыс Африкадағы Кот-д’Ивуар мемлекетінің Абиджан қаласында дүниеге келген бельгиялық жан-жақты суретші және музыкалық продюсер. Бүгінгі таңда Бельгияда тұрып, жұмыс жасайды. Бен Хайне ағылшын, француз, поляк, орыс, испан тілдерін жетік меңгерген полиглот.
Бен Хайненің есімі 2010 жылы «Қарындаш камераға қарсы» деп аталатын жаңа өнер түрін ойлап табудан кейін белгілі болды. Бұл жұмыстар сериясындағы суреттер, әдетте, қолда екі өлшемді сурет эскизі болып табылады, оны суретші белгілі бір жерде алдын - ала суретке түсіріп, оны қарындашпен салынған сурет арқылы толықтырады.
Бен журналистика саласы бойынша білім алып, сурет, фотография және музыкалық шығармаларды жасауды өз бетінше игерген. Оның жұмысы әлемнің ірі газеттерінде, журналдарында және кітаптарында жарияланған. 2010 жылдан бастап оның жұмыстары Еуропа, Азия және Ресейдің көркем галереялары мен мұражайларында үнемі қойылып келеді. 2012 жылы Бен Хейннің жұмысы туралы деректі фильм жарық көрді.
Бен Хейннің жұмыстарына қалалық және ауылдық пейзаждар, сонымен қатар жануарлардың суреттері енген. Кейде автор шынайы картинаны жасаса, ал кейде ол қиял элементтерін қолданады.