Казахстан егеменді ел тақырыбы бойынша әңгімелеңіз

оу1щи оу1щи    2   30.06.2019 18:50    3

Ответы
hazina2 hazina2  02.10.2020 16:25
Менің Отаным, туған жерім- Қазақстан. Менің отбасым,достарым да Қазақстанда туып өскен, ата-бабам ежелден осы жерде өмір сүрген.

Қазақстан- өте үлкен мемлекет. Елбасымыз Н.Ә .Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз күннен күнге дамып,өркендеп келеді. Қазақстан- достығы, бірлігі жарасқан, мықты ел. Егемен елімізді әрі көркейту үшін туған тілді, салт-дәстүрді білу керек. Қазақстанда бірлік, достық, байлық, тыныштық бар. Қазақстан қазіргі кезде бүкіл әлемге үлгі бола алады.

Біздің еліміздің жер асты да, үсті де байлыққа толы. Алты мыңға жуық кен орны бар еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі тоқсан тоғыз элемент табылып отыр, мұнай қоры бойынша бірінші ондыққа кірсек, уран кен орны бойынша екінші орында және алтын қоры бойынша алтыншы орындамыз. Сол алтын өндірісі өзім тұратын Бестөбе кентінде де өндіріледі.

Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.Еліміз өзінің егемендігін алып, әлем елдерімен терезі тең болды. Әсем де сұлу, жас астанамыз көркейіп, әлемдегі сұлу астаналардың қатарынан орын алды. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Аз уақыт ішінде осындай жетістіктерге жетуіміз Елбасы еңбегінің арқасында деп ойлаймын. Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мысалға, мен өзім аралас мектепте оқимын. Біздің мектепте орыс, украин, неміс, татар т.б ұлт өкілдерінің балалары оқиды. Біз бір- бірімізбен жақсы қарым- қатынастамыз. Мен осындай тәуелсіз, егеменді елде туғаныма және тұратынымды мақтаныш етемін.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi