, Казахский язык Сор добрые люди Тапсырма 1: Әр топқа(5 сөз)сөздердің аудармасын айту қажет.
2.Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.
Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың түрлері өте көп.Құстар жыл мезілдеріне
байланысты екі топқа бөлінеді: жыл құстары және қыстап қалатын құстар. Жыл құстары
көктемде ұшып келеді. Олар ұя салып, балапан басып шығарады. Ал қыстап қалатын
құстар қысы -жазы өз мекенінде тіршілік етеді. Олар ағаш бүршігін, кепкен жемістерді
қорек етеді. Құстар -біздің досымыз. Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан
қоқымын, жем шашып береді. Құстар –өте пайдалы, олар ағаштарды зиянды жәндіктерден
қорғайды.
ТАПСЫРМА 2 Сұрақтарға ауызша жауап беру. Әр топқа үш сұрақтан беріледі.
Құстар табиғатқа не береді?
Жыл құстар қашан ұшып келеді?
Адамдар құстарға не береді?
Құстар ағаштарды нелерден қорғайды?
Құстар қандай топтарға бөлінеді?
Құстар кімдердің досы?
ТАПСЫРМА 3«ТОПТАСТЫРУ»
Мына құстарды екі топқа топтастыру.Әр опқа құстардың суреттері беріледі.
Күннің жанына жыл құстарын, жемшашар жанына қыстап қалатын құстарды қою
керек. Күн – қарлығаш, бұлбұл, аққу, көкек. Жемшашар - торғай, сауысқан,
көгершін,қарға.
ТАПСЫРМА 4. Мына сөздерден сөйлем құрастыр.
1. ұясын, құстардың, болмайды, бұзуға.
2. құстарға, мен, жем, шашамын.
3. табиғатты, қорғайды, зиянкестерден, құстар.
ІҮ.СЕРГІТУ КЕЗЕҢІ: Қимылмен көрсету.
Құстар болып ұшамыз. / Қанат жайып ұшу/
Құстарға жем шашамыз / Саусақтармен жем себелеу/
Құстарға ұқсап жем жейміз / Бастарын жоғары –төмен көтеру /
Құстарға ұқсап су ішеміз / Басты шалқайта көтеру/
Құстар болып ұшамыз / Қолды жайып ұшу/
Ү.БЕКІТУ:
4. ТАПСЫРМА 5. Әр опқа екі сөзден септеуге беріледі.
Мына сөздерді септе: құстар, жемшашар, табиғат, достар
ТАПСЫРМА 6.Логикалық тренинг «Қиындыдан құрастыр»
Әр түрлі қиындыға бөлінген құстардың суретін топ болып құрастырып шығулары
керек.Әр топ бір құстың суретін құрастыруылары керек. Және сол құс постерге түсіріп
туралы әңгімелеп берулері керек. (қарлығаш,аққу,)
ҮІ.БАҒАЛАУ. Балалар, тақтаға орман суретіне назар аударайықшы! Не өзгерді?Орманда
нелер пайда болған? Ол қандай құстар екен? Қандай құстар көп екен? Ендеше қай топ
жақсы жұмыс жасаған.? Ал қанекей «шапалақ ұру» әдісімен бағалап қояйық. Топ
басшылары өз топ мүшелеріне баға береді.
ҮІІ.ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Мұғалім: Сонымен,балалар,біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
Құстардың қандай атауларын есте сақтап қалдық?
Құстар кімдердің досы?
Құстардың қандай пайдасы бар ма?
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді пайдаланып, екі сөйлем жазып келу. Құстар туралы
жұмбақтар іздестіру.
ІХ.РЕФЛЕКСИЯ: Сабақ ұнады ма? Не Ұнады? Оқушылар өз ойларын стикерге
жазып іледі.