казахский язык соч первое задание​


казахский язык соч первое задание​

Kizi89 Kizi89    1   15.03.2021 08:24    0

Ответы
24556 24556  14.04.2021 08:24

1.Негізгі ақпарат.

Биресми дерек бойынша Қазақстанда 43млрд. тонна өндірістік және тұрмыстық қалдық жиналады екен.Елімізде қоқыс көп болсада,қоқыс өңдейтін заводтар шикізат таппай отырған көрінеді.Осы қоқыстардың зауытта 5пайызы ғана өңделеді екен.

2.Қосымша ақпарат.

Ал,әлемде қоқысты өңдеу,сұрыптау қалай қалыптасқан.Мысалы:Швецияда қоқыс қалдықтарын электр қуаты ретінде пайдаланады.Әлемдегі ең таза елі Сингапурда қоқыстың 90пайызы өңделеді екен.

3.Факт.

Әлемнің дамыған елдерінде қоқыс қалдықтарын қайта іске жарату арқылы елдің экономикасын дамытып,қаншама адамдарды жұмыспен қамтып отыр.Мысалы:Германия -30пайыз,Жапония-30пайыз,АҚШ-27пайыз,Швецария-25пайыз қоқысты қайта өңдеп пайдаға жаратуда.Үндістанның 14миллион тұрғыны бар Мумбай қаласының тұрғындары қоқысты сұрыптап,пайдаға асыруды өздеріне кәсіп еткен.

4.Көзқарас.

Біздің елге қайта оралсақ,еліміз жиналған қоқысты полигонда тау қылып үйгеннен әрі аса алмай отырмыз.Жердің өлшеулі екенін білсекте, кейбір қалдықтардың шіруі үшін жүз жылдан аса уақыт керегін ескермеудеміз.Еліміздегі қоқыстады жинау,сұрыптау мәдениетінің жолға қойылмауы-жердің қоқысқа үйілуіне және заводқа шикізаттың жетіспеуіне әкеліп отыр.

5.Идея.

1.Елімізде қоқыстарды жинау және сұрыптау мәдениетін қолға алып,жүйелі жолға қою керек.

2.Әр аймақтағы қоқыс жәшіктерін қоқысты сұрыптап бөліп тастайтын етіп,бірнеше бөліктерге бөліп орналастыру керек.

Мысалы:1.Шыны ыдыстарын тастайтын қоқыс жәшігі.

2.Қағаздар,кітап-дәптерлер.

3.Пластик ыдыстар,пакеттер.

4.Резеңке қоқыстар.

5.Мата,шүберек,мақта.

3.Еліміздегі барша адамдарды тазалыққа шақырып,әр қоқысты өз жәшігіне тастайтындай етіп үгіт-насихат жүргізу керек.Қазақстандықтар бірнеше жылдан кейін қоқысқа көміліп,экологияны бүлдіргенше,қоқыстарды мәдени түрде сұрыптап тастап,ел экономикасына үлес қосалық!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi