Казахский сор 7 за 2 четверть Оқылым Мәтінді мұқият оқып төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджаб , яғни , Сайрам да жатады . Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да , экономикалық жағынан да , мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған . Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған . Тараздың жүрегі – мешіттері , керуен сарайлары болса , базардың айналасында түрлі шеберханалар , наубайханалар орналасқан . Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер « Тараз базары – әлем айнасы » дейтін . Себебі , бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға , сату мен сатып алуға болатын . 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті . Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалардың бірі болған . Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған . Түркістан қаласының іргетасы V - VI ғасырларда қаланған . Есім ханнан бастау алып , XIV - XVIII ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған . Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1 мыңжылдығында қаланған . Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр . Түркістан қаласының айналасынан табылған тас дәуірі ескерткіштері ( Шоқтас , Қошқорған ) бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді .