Каспий теңізі туралы мәлімет Каспий теңізі Еуропа мен Азияның арасында орналасқан. Оның Қазақстанға тигізетін экономикалық маңызы өте үлкен. Бұл теңіз жайлы деректермен таныс болыңыз. Каспийдің түбінде 10-15 миллиард тоннаны құрайтын мұнай және газ кен орындары бар. Ежелде оның жағалауын «каспи» тайпалары мекендеген деген мәлімет бар. Сол себептен, ол осындай атауға ие болды. Каспий теңізі 5 мемлекеттің аумағында орналасқан. Олар – Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркменстан. Ең терең нүктесі – 1 километрден асады. Каспий теңізі 10 миллион жыл бұрын пайда болды. Иосиф Сталин мұнай өңдірісін ұлғайту үшін, Каспий теңізін құрғатқысы келген. Бірақ, осыншама үлкен су қоймасын кептіру мүмкін болмады. Тұздың мөлшері, басқа мұхит және теңіздерден 5 есе аз. Қара уылдырықтың (икра) 90%-ы, осы су қоймасында ауланады. Сондай-ақ, Каспийді мекендейтін қортпа балығының уылдырығы, әлемдегі ең қымбат икра болып табылады. Оның 100 граммы – 2 мың долларға бағаланады. Кейбір адамдар оны көлге жатқызады. Өйткені, оның мұхиттармен байланысы жоқ. Жалпы көлемі – 371 мың километр квадрат. Ғалымдардың айтуынша, Қара және Каспий теңіздері мыңдаған жыл бұрын бір бүтін болған. Бұл теңізде жүзден аса балық түрі өмір сүреді. 1921 жылы Ресейде, теңіздегі ең ірі балық ауланды. Балықтың салмағы – 1224 кг! Оған 130 өзен құйылады. Ең үлкені – Еділ өзені. Каспийдің көлемі, Япония, Беларусь жыне Қырғыстан елдерінің аумағынан үлкен. Мұнайдан басқа, оның жағалауында тұз, әктас, балшық және құм өңдіріледі. Бұл судың жағалауында көптеген халықтар өмір сүрген. Сондықтан, теңіздің 70-тен астам атауы бар.