Какой фильм вы бы сняли если бы вы были режиссером? каких казахстанских актеров пригласили бы? на казахском сочинение 20

khana3 khana3    1   29.08.2019 01:40    2

Ответы
paperghost paperghost  06.10.2020 01:49
Кеңестер одағы кезiнде қазақ кинолары көптеп түсiрiлдi. Ол кинолардың бәрiн көрмесем де, бiразын көрдiм. Бiрақ сол көрмеген фильмдердi қазақ теледидарынан мүлдем көрсетпей-ақ қойды. Тамаша киноәртiстер сомдаған, таза әрi ашық түсiрiл­ген кинолар экраннан көрiнбей кеттi. Мерекелерде “Бiздiң сүйiктi дәрiгер”, “Алдар көсе”, “Менiң атым – Қожа”, “Шабандоз қыз”, “Қыз Жiбек”, “Тоғызыншы ұлдан сақтан” деген фильмдердi қайталап көрсетiп жатады. Асанәлi Әшiмов, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, Жанат Қуанышева, Жамбыл Құдайбергенов, Меңтай Өтепбергенова және басқа да қазақтың майталман әртiстерiнiң бiз көрмеген, тартпаларда жатып қалған фильмдерiн DVD-ге көбейтiп, неге дүкендерде сатпасқа? Бұл – бiр. Екiншiден, “Келiн” фильмiн дұрыс түсiре алмағанына қаным қайнады. 1990 жылдың басында түсiрiлген режиссер Д.Манабаевтың “Сұржекей – тажал перiште­сi” фильмiн мақтауға болады. Мұнда “Келiн” секiлдi ешқандай жасандылық жоқ. Бұл кинолар қазiр «жоғалып» кеттi.

Егер мен кинорежиссер болсам, “Келiн” фильмiн баяғы көне заман емес, қазiргi сұрапыл, қиын заманымыздағы келiннiң келуi, енесiмен сыйыспауы, “бөлек тұрамыз” деп күйеуiн азғыруы, ақшасын оңды-солды шашуы, несиеге батуы, бала көтере алмай бедеулiкке ұрынуы және тағы басқа да қиындықтар туралы фильм түсiрер
едім.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi