Какие основные глаголы в казахском языке? молю 30

Т9ygfch Т9ygfch    1   28.07.2019 04:40    2

Ответы
persikinha persikinha  07.09.2020 21:29

Көмекші етістіктер.

Көмекші етістіктер – атауыш сөздің жетегінде келетін, лексикалық мағынасы жоқ (немесе лексикалық мағынасынан сөйлемде уақытша айырылған), өзі тіркескен сөзге әралуан грамматикалық мағыналар жамап түрлендіретін, өзі етістік сияқты түрленетін (етіс, болымсыз етістік, шақ, рай, модаль тұлғаларын қабылдайтын) көмекші сөздер.

Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер тілде жұмсалу ерекшелігіне қарай тұрақты көмекші етістіктер және уақытша көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.

Тұрақты көмекші етістіктерге бүгінде тек көмекшілік қызмет қана атқаратын, лексикалық мағынасынан толық айырылған етістіктер жатады. Тіліміздегі бұл қатардағы етістіктердің саны шектеулі, олар: е-, ет, қыл, жазда көмекші етістіктері. Осы қатарға шартты түрде бол етістігін де қосуға болады. Бол етістігін, негізінен, уақытша көмекші етістік деп те тануға болады. Өйткені бұл сөз кей жағдайларда тездету және біту, бару етістіктерімен синонимдес лексикалық мағынаны білдіре алады (мысалы, Бол! Бас аяғыңды! Бүгінше болдым. Ол аймақта болғанмын.).Сонымен қатар бол етістігі ет, қыл етістіктері сияқты көмекшілік қасиетке де ие. Бұл үшеуі, негізінен, есім сөздерден құранды етістік жасайды: ыза болу, ие болу, еңбек ету, қанағат қылу, т.б. Бол етістігі, сонымен қатар, қимылдың соңғы, аяқталу кезеңін білдіретін аналитикалық формант құрамында да кездеседі. Мысалы, Үйді салып болған. Бұл қасиет ет және қыл етістіктеріне тән емес. Ет етістігі еліктеу сөздерден де құранды етістік жасайтын қызметке ие: бұрқ ету, сарт ету, т.б..

Сонымен, ет, қыл, бол етістіктері – сөзжасамдық қабілетке ие көмекші етістіктер. Бұл қасиет – оларды басқа көмекші етістіктерден ерекшелендіретін басты белгі.

Е- көмекші етістігі (тарихи тұрғыдан ер көмекші етістігенен қалыптасқан) – тілімізде емес, екен, еді тұлғаларында жұмсалады.

Қазақ тіліндегі уақытша көмекші етістіктерге: ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жат(ыр), жөнел, жүр, жібер, кел, көр, қал, қой, отыр, тұр, өт, сал, таста, түс, шық сөздері жатады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi