Таңертең ұйқыдан оянып, жалғанды жалпағынан басып, біріміз сабаққа, біріміз жұмысқа кетеміз. Үрей атаулыдан аулақ, емін-еркін тірлігімізге кірісеміз. Өзге елдің табалдырығын аттасақ, "Біз - Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз" деп мақтанышпен айтамыз. Тәуелсіздік әрбір адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Сіздің отырған-тұрғаныңыз, жүріс-тұрысыңыз, ішкен асыңыз уайымсыз өтеді. Біз тек "қайтсек ақша табамыз?" деген секілді тірліктің ұсақ түйткілдеріне бас қатырамыз. Қалғанын баяғыда-ақ батыр бабаларымыз шешіп қойған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп берген. Қазақтың пейіліндей баябан даланың әр пұшпағы үшін шыбын жанын қиған. Бізге Тәуелсіздік әперген. Тәуелсіздікті аманаттап қалдырған..
Объяснение: