Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтінге қандай ат қояр едіңіз?
2. Мәтінді құрастырарда автор қандай идеяны ұстанды деп ойлайсыз?
3. Автордың сөзімен айтқанда, Домбыра неден жаралған?
4.Домбыра нені ұрпағына аманат қып жолдаған
5. Мәтін мазмұны бойынша домбыра – ол не?

Саша039 Саша039    2   01.03.2021 09:50    3

Ответы
David13211 David13211  31.03.2021 09:53

1)

"Қасиетті домбыра"

2) Домбыраның қәдірін ұстанған,сол туралы

3) домбыра қазағымның жүрегінен жаралған

4) халқымызға аманат

5)

1)әуен

2)жыр

3)күй

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi