Күй Күй музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау Күй 14 гасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, тарихи оқиғаларға құрылып, дамыды. Онда халықтың басынан өткен өмірі пен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі бар. 2 - мәтін Қазақтың ән өнері Қазақтың ән өнері – көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағы. Әнді халық сүйіп айтады, тыңдайды. Ән салу, ән шығару, домбыра тарту жақсы дамыған. Қазақ әндеріннің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазақ әндері татулық пен достыққа, бірлік пен әдемілікке шақырады. Қазақтың кең тараған халық әндері: «Бір бала», «Дудар-ай», «Гүлдерайым»және т.б.