Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады.

Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген,өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған.

Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да  Орал облысы,

Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол  жеті-сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б.

(167 сөз)

 

2. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырып жаз.

Кисик1705 Кисик1705    3   16.03.2021 10:08    3

Ответы
Demon211108 Demon211108  15.04.2021 10:08

• Күй деген не?

1) Күй атасы кім? Оның қандай күйлері бар?

2) Күй анасы кім? Оның кең тараған күйлері қандай?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi