Көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында 3 сұрақ құрастырыңыздар. Сұрақтарға жауап жазыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, оқшау сөздерді қолданып, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Достығымыз әлемге әйгілі
Ел халқын шынайы отансүйгіш әрі нағыз азамат етіп қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру мен әр ұлт өкілінің бойында «мен қазақстандықпын», «мен Қазақстан Республикасынанмын» деген мақтаныш сезімді негіздеу Қазақстанның мемлекеттік саясатьшың басты өзегі. Мемлекет тарапынан ұтымды жүргізілген саясат әрбір қоғам мүшесінің бойында демократиялық қүндылықтар мен жалпықазақстандық идеяны орнықтырудың баяндылығына кепіл болмақ. Осыған байланысты көптеген ұлттар өкілдері топтасқан мемлекет үшін елдегі ұлттық саяси ақуалды үнемі бақылап, реттеп отыру, ұлттық шығу тегіне қарамастан барлық қоғам мүшелерінің өмірдің түрлі салаларында толыққанды дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету ең басты мәселелердің бірі. Осындай даму жолының тиімділігіне барлық өркениетті елдердің тәжірибесі айғақ. Бұл жайтты ұлтаралық жарасым саясатын ұстанушы Қазақстан қоғамынан да көре аламыз. Өтпелі кезең жағдайында қоғамдағы ұлтаралық қарымқатынастар мәселесі бүрынғыдан да өзекті мәнге ие болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы ынтымағы жарасқан көп ұлтты халықтың теңдігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда. Оның негізгі түжырымдары демократиялық үлгідегі халықаралық құқық ережелері мен ұстанымдарына сай келетін еліміздің басты Заңы Конституцияға сәйкес ұлтаралық қарым-қатынастар саясатына қайшы келетін, қоғамда жікшілдікті, шиеленісті, араздықты туындатуға жол беруге тыйым салынған.