Көшпенді түркілерді әрқашан аспан әлемінің құпиясы қызықтырған. Олар техника жоқ кезінде аспан әлемінің қозғалысын білген. Аспан, жұлдыз әлемін бақылайтын адамдарды «жұлдызшы» деп атаған. Олар аспан құбылыстарын зерттеген, күнтізбе жүргізген. Жұлдызшылар ауа райын, көктемнің келуін, жаздың шығуын болжаған. Бұл мәліметтер көшпелі түркілер үшін өте маңызды болған. Көшпенділер жұлдызшылардың бақылауын тұрмыста пайдаланған.