Көшпенділердің материалдық мәдениеті көші-қонға, тұрмысқа ыңғайлы болды. Киіз үй, ат әбзелдері, ер-тоқым, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, бесік, тұрмыстық заттар – көшпенділердің материалдық мәдениеті. Көшпенділердің рухани мәдениеті өте бай. Оларда шығармашылық ойлау жүйесі ерекше дамыған. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі – алғашқы руно жазуды ойлап тауып пайдаланды. Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі алфавиті. Бұл - V ғасырда түркілердің жазуы мен әдебиеті, рухани байлығының жоғары деңгейде дамығанын көрсететін аса құнды жәдігер.
Түркілер мемлекетті дала демократиясына сүйеніп басқарды. Би-шешендер ханның білгір ақылшысы, кемеңгер кеңесшісі болды. Би-шешендердің дана ойлары, тапқыр сөздері, әділ шешімдері мемлекетті демократиялық басқаруға жол ашты.
VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты. Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Көшпенділердің бірегей мемлекеттің құрылымы дамыды. Қазақ хандығы кезінде ғана орындалатын 5000-дй күй дүниеге келген. Бүгінгі қазақ халқы – сол өркениеттің тікелей мұрагері.
Көшпенділердің тұрмыстық заты
А) әріп
В) ер-тоқым
С) би-шешен
Д) тапқыр сөздер
2. Түркілердің әдеби тілінің қалыптасуы
А) V
В) IV
С) X
Д) VI
3. Сын есімді тіркесті көрсет
А) ойын ойнады
В) гүл терді
С) әдемі қала
Д) ана құшағы
4. Көшпенділердің рухани мәдени жәдігері
А) киіз үй
В) ыдыс-аяқ
С) бесік
Д) жазу
5. Көне түркілердің алғашқы жазуы
А) латын
В) кирилица
С) руно
Д) алфавит
Сұрақтарға жауап бер.
Көшпенділердің материалдық мәдениетіне нелер жатады?
Би-шешендер хан үшін кім болған?
Көшпенділердің рухани және материалдық байлықтарын жаз.