Көшпенділердің материалдық мәдениеті көші-қонға,тұрмысқа ыңғайлы болды. Киіз үй,ат әбзелдері,ер-тоқым, теріден,ағаштан жасалған ыдыс- аяқ,бесік,тұрмыстық заттар- көшпенділердің материалдық мәдениеті. Көшпенділердің рухани мәдениеті өте бай.Оларда шығармашылық ойлау жүйесі ерекше дамыған.Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі – руна жазуды ойлап тауып,пайдаланды.Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і – көне түркі алфавиті. Бұл – V ғасырда түркілердің жазуы мен әдебиеті, рухани байлығының жоғары деңгейде дамығанын көрсететін аса құнды жәдігер.

Түркілер мемлекетті дала демократиясына сүйеніп басқарды. Би-шешендер ханның білгір ақылшысы,кемеңгер кеңесшісі болды. Би-шешендердің дана ойлары,тапқыр сөздері,әділ шешімдері мемлекетті демократиялық басқаруға жол ашты. VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты.Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Көшпенділердің бірегей мемлекеттік құрылымы дамыды.Қазақ хандығы кезінде ғана орындалатын 5000-дай күй дүниеге келген.Бүгінгі қазақ халқы – сол өркениеттің тікелей мұрагері.

1.Көшпенділердің материалдық мәдениетіне нелер жатады?
2.Көне тіркілердің жазуы қай жазу болды?
3.Би-шешендер хан үшін кім болған?

Temik763 Temik763    2   26.10.2020 09:38    1

Ответы
Darkhan06 Darkhan06  25.11.2020 09:39

1) Киіз үй,ат әбзелдері,ер-тоқым, теріден,ағаштан жасалған ыдыс- аяқ,бесік,тұрмыстық заттар.

2) Олардың алғаш жазуы Руна жазуы болды.

3) Би-шешендер ханның білгір ақылшысы,кемеңгер кеңесшісі болды. Би-шешендердің дана ойлары,тапқыр сөздері,әділ болған. Ханға ақыл кеңес берген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi