Көшпелілер киіз үйдің қандай түрлерін пайдаланған?​

jiyan jiyan    3   20.12.2020 15:00    0

Ответы
Aleksandr541 Aleksandr541  19.01.2021 15:05

Киіз үйлер қазақы және қалмқы де екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді.

Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй.

Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй.

Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.

Қараша үй – кедей үйі.

Отау – жас жұбайлар үйі.

Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.

Ақтағыр - 2 қанатты, 2 үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi