Кішкентай Марат пен Дархан көрші тұратын достар еді . Екеуі ылғи бос уақыттарын бірге өткізетін . Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға көп шықпайды . Сондықтан да болар оның мінезі тұйық . Ал Мараттың мінезі көңілді , ақжарқын , досының қамын ойлап жүретін бала . Бір күні Марат орманға саяхатқа барады . Ол гүлдерді қызықтап жүріп , бір көбелекті ұстап алады да , « қолыма түстің бе , енді мен сені жібермеймін , досым Дарханға апарыпберемін » - дейді . Бір кезде көбелек сөйлегендей болады , « жіберші мені , Марат , мен сенің үш тілегіңді орындаймын » . Марат мәз болып , « маған велосипед керек » - дейді . Көбелек өз жөніне ұшып кетеді . Кешкісін Марат үйіне келсе , әкесі оған расында да , велосипед сатып әперіпті . Ол қуанып , велосипедімен ары - бері Дархан досының терезесінің алдынан өтеді . Досының мұңлы көзін көріп , орманға келіп , маған велосипед те , қиялдағы ұялы телефон да қажет емес деп ойлайды . Ол : « Арман көбелегі , досым аяғынан тік тұрып кетсінші , сол тілегімді орындашы » , - деп жалынады . Үйіне келсе , ата - анасы Дарханның шетелге дәрігерлерге көрінуге баратынын айтады . Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді . Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса , өзін атап шақырған дауыстан оянып кетеді . Көзін ашса , қарсы алдында досы Дархан тұрады . Қуанып кеткен Марат , ормандағы арман көбелегіне іштей алғысын жаудыртады
ответ:1.А
Объяснение:2.D