Көшкін туралы әңгіме керек

semyonshhuko9 semyonshhuko9    3   21.01.2021 12:11    0

Ответы
styopyshca styopyshca  21.01.2021 12:20

Көшкін таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы. Қар көшкіні қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, тереңдік қылаудың борпылдақ түзілімі бар қар қабатының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда пайда болады. Жылжу сипаты бойынша оны жылжыма, науалық және секірмелі көшкіндер деп бөледі. Құрғақ қардан көшкін жүрген кезде, оның алдыңғы жағында жан-жаққа тарап үлгеретін ауа толқыны пайда болады. Қар көшкіндері өзінің бұрынғы тапталған жолы бойынша жүреді, көл. 2 млн. м3-ге дейін, ал күшінің соққысы 60 – 100 т/м3-ге дейін барады. Көшкін жиі болатын тауларда (Іле, Жетісу Алатаулары, т.б.) көшкіннен қорғау жүйелері (қардан қорғайтын қалқандар, қауіпті беткейлерді артиллериямен атқылау және т.б.) құрылады, орманды кесуге тыйым салынады. Көшкін қауіпті беткейлерге ағаш отырғызылады. Мұз көшкіндері, тік аспалы мұздықтардың опырылып, төмен қарай жылжуынан пайда болады

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi