Көркемдегіш құралдарды тап! Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Санағанмен өлімнен өмірді артық,
Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып,
Тұла бойы құрыстап,
Шабыт қашып,
Денесі де кетіпті ауыр тартып.
Бауырында таулардың пұшпағы аунап,
О, жастық-ай!
Ауылдан ұшқан аулақ!
Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,
Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!
Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп,
Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп
Қалғаны ма?!
Ендеше
Бұл тірлікті
Қырандарша өтейін тәрік етіп!