Күрделі сөздерді қатыстыра отырып, «Спорт және дене күтімі» тақырыбына 40-50 сөзден тұратын эссе жаз. Эссе кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұруы қажет.​

polina1355 polina1355    1   22.12.2020 08:44    0

Ответы
Валерия003322 Валерия003322  21.01.2021 08:45

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi