Кіріспе бөліміне сай мақалды тап. 1. Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштері, яғни сәулет және мүсін өнерінің кереметтері – әлем халықтарының ортақ мұрасы. Ерекше құрылыс нысандарын топтастырып, олардың үздіктерін бөлектеу көне Грекиядан бастау алып, әлемнің жеті кереметі, тіпті, бертін келе жаңа кереметтер тізімі анықталды.
2. Кейінгі дәуірлерде заманауи сәулетшілер мен инженерлер де әлемге таңғаларлықтай кереметтер сыйлауда. Заман ағымына қарай олар ойлау қабілетін ғана өзгертіп қойған жоқ, сондай-ақ болашақта әлемге әйгілі болатын құрылыстардың материалдарына да түбегейлі өзгерістер енгізді. Париждегі ерекше сұлулық пен шығармашылықтың шыңы саналатын Лувр пирамидасы әйнек пен металл тіректен соғылған. Ағылшын каналының астында орналасқан ұзындығы 50 шақырымды құрайтын Еуротуннель теміржол үңгіртауы, 102 қабаттан тұратын Нью-Йорктың көкпен тірескен ғимараттары, «Алтын қақпа» көпірі, Итайпу гидроэлектр стансасы сияқты кереметтердің бәрі – заманауи инженерлер мен сәулетшілер салған, таңдай қақтырар ғажайып құрылыстар. Яғни, сәулет өнеріндегі әлем кереметтерін ғылым мен техниканың жетістіктері деп толыққанды айта аламыз.
3. Десек те, әлемде жаратылысы бөлек, ғажайып орындардың бар екенін жоққа шығара алмайсың. Иә, шынында, табиғаттың өзі де сұлу да әсем, шебер туындыларға бай. Оларды адам қолымен немесе техниканың көмегімен жасалған деп айта алмаймыз. Мәселен, Перудегі Мачу-Пикчу «әлемдегі ең әсерлі қирандылар» деп саналады. Олар Урубамба өзенінің шатқалы қоршаған тау шыңындағы тік еңісті қыратта орналасқан.
4. Алысқа бармай-ақ, Қазақстанның Шарын шатқалдарын айтсақ та болады. Шарын – қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Шарын шатқалының «Австралия Ұлттық саябағы» мен «Аризон толқынына» ұқсайтын белгілері бар.
5. Мұндай керемет әрі мінсіз сәулет құрылысын адамзат қолымен тіпті жасай алмайтындай көрінеді. Осындай құрылысы ерекше орындарды тарих сахнасынан жоғалтып алмай, болашаққа бұйырту – қазіргі адамзат алдында тұрған үлкен міндет.​

Jimitapark8 Jimitapark8    2   19.10.2020 10:50    1

Ответы
тяпница13 тяпница13  18.11.2020 10:51

1 Адамзат мәдениетінің

2Париждегі әйнек пен металл

3Иә, шынында, табиғаттың

4 Осындай құрылысы ерекше орындарды

Объяснение:

1000000000% правильно

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi