Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз: Натюрморт жанры бізді қоршаған орта ... кездесетін заттар ... , гүлдер ... , жемістер ... бейнелейді. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегі... сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табыс... қол жеткізуге болады. Салып отырған заты... өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлер... түзетіп, қайта жөндеу... суретші өзінің шығарма... аяқтайды.
Натюрморт жанры бізді қоршаған ортаДА кездесетін заттарДЫ, гүлдерДІ, жемістерДІ бейнелейді. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегіНЕН сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табысҚА қол жеткізуге болады. Салып отырған затыНЫҢ өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлерІН түзетіп, қайта жөндеуМЕН суретші өзінің шығармаСЫН аяқтайды.