Биылғы жылдың 1-тамызынан 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта республика бойынша «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясынан біздің мектеп те тыс қалған жоқ.
Аталған акцияның мақсаты: мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту; Осы мақсатпен мектебімізде қайырымдылық акциясына кәсіпкерлерді, меценаттарды, демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілді. Мектебімізде көп балалы және табысы төмен отбасынан шыққан 14 оқушыға қолдау көрсетуде ата-аналар өз көмектерін аямады. Акцияға қатысқан ата-аналардың ішінен: Сарсенбай А -25000т; Болпаков М, Шиянбина И, Абраев Қ, Махамбетова А, Шапиева А -5000т; Тульжанов Б, Ахметбай Н. -10000т және 10б-сынып ата-аналарын атап айтуға болады. Жалпы жиналған қаржыларды есептегенде аз қамтамасыз отбасы балаларына (145000т) ақшалай , кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді.
Мектеп әкімшілігінің хаты бойынша Ерлан Елемесұлы Упушев бастаған ЖШС «Майкубен-Вест» компаниясы әлеуметтік көмекке мұқтаж ға күзгі,қысқы куртка, аяқ киімдер, мектеп формаларын және спорттық киімдер әкеліп, мектебімізде таратты. Ата-аналарымыз мектепке телефон шалып, үлестірген киім сапасына көңіл толғандарын айтып жеткізді.
Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Қайырымдылық жасау тек қаржылай көмек беру емес, адамды қиын сәтте демеп, рухани да жәрдем беру. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», деп халқымыз айтқандай отбасының материалдық жағдайын көтеруге шамамыз келгенше тырыстық. Қолдау көрсеткен ЖШС «Майкубен-Вест» компаниясына , сынып ата-аналар кеңестеріне алғысымыз шексіз.
Мамандандырылған «Зерде» дарынды балалар мектебінің директордың тәрбие ісінің орынбасары: Исабаева Г.Б