«Көп досыңның болғаны-бір бақыт, ал шын досыңның болғаны-шын бақыт» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, берілген тақырып ашылатындай қысқаша ойтолғау жазыңыз. (50-60 сөз) Ойтолғаудың құрылымын сақтай отырып, орфографиялық нормаға сай жазыңыз. (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім) дайте

mikreaz mikreaz    1   09.12.2020 22:12    0

Ответы
MeriDu3 MeriDu3  08.01.2021 22:12

Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi