Көнек сөзінің мағынасы қандай

Маша07122005 Маша07122005    2   12.12.2020 00:27    1

Ответы
ЯСоваНоТупая ЯСоваНоТупая  12.12.2020 01:00

Көнек - 1) ыдыс. Көнек түйенің терісінен жасалады. Әдетте, көнектің үстіне геометриялық зооморфтық, мүйіз, өсімдік тәріздес, т.б. ірі оюлар түсіріледі. Теріні көнек пішініне келтіріп, тігіп, ішін сабанмен кептеп қойып, кепкен соң сабанды алып, тезек шоғының түтініне ыстайды. Көнек бие саууға қолданылатын ыдыс. Көнектің кейбір түрлері бие сүтін сақтау үшін де қолданылады. 2) Алғаш құда түсіп, құйрық-бауыр жегенде құдалар жасайтын кәде. Құда түсе келгенде қыз ауылындағы біреу ”Көнек” деп шелекті іліп қойып, тоқылдатып, “Көнегімді” бер деп, келген құдалардан кәдесін алған. Тарту-таралғыны көп берсе, Көнекке көңілі тояды, егер көнекке көңілі толмаса “көнекті” шайқаймын, ішіндегі суы төгіледі” деген бопсамен әзілдеп, кәдесін алады. Мұны көнекке салар деп те атайды.

Объяснение:

Вот надеюсь

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi