«Көне» сөзінің синонимін тап. Бекзат: Ата, мен бүгін мұражайға барып қайттым. Білесіз бе, мен керемет әсер алдым. Барғаным қандай жақсы болды.
Атасы: Айтсаңшы, соншама нендей дүние көрдің?
Бекзат: Ежелгі көшпенділердің қолданған заттарын көрдім.
Атасы: Рас па, олар тым көне болар?
Бекзаm: Көне болғанда қандай, өте ескі. Бұрынғы заманның иісі шығады. Қыш құмыралар, жез құмандар, арба, ат әбзелдері, таға, садақ,
қазан, тағы басқа.
Атасы: Әй, бала, ханшайымдар мен ханзадалардың заттары бар ма?
Бекзат: Бар, ата, бар. Төрт дөңгелегі бар пәуеске көрдім. Өте сапалы әрі шебер жасалған. Ал әшекей бұйымдар өте көп. Ханзадалардың
белдіктері қандай! Белдіктерге хайуанаттардың бейнесі салынған.
керемет, бейнесі
ежелгі, бұрынғы
тым, зат
пәуеске, дөңгелек
көне сөзінің синонимі-ежелгі