Көне қала Патра саяхатшылары несімен таңғалдыруда

inesssa444 inesssa444    3   21.10.2020 08:24    26

Ответы
ShahKulu ShahKulu  20.11.2020 08:26
Петра ((араб.: البتراء‎); Ежелгі Грекия: Πέτρα) – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иордания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс және соңғы крест жорығы» (Indiana Jones & The Last Crusade) киносы түсірілген.[1]
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi