Күнделікті қалай жазамыз Күнделіктің мазмұндық-құрылымдық жүйесімен танысып, кімнің күнделігі екенін анықта.
Дэвид Клинтон күнделігі. Алматыдан Преторияға.
6 маусым, дүйсенбі. Төртінші күн. Менің келесі бекетім Джелалабад болды. Күн баяу өтіп жатты. Таулы асулар жоғарылай беріп, 3,500 метрге дейін жетті. Мен тынығып алу үшін тоқтап, керемет тауларды суретке түсіре бастадым. Сол кезде, көкжиектен маған қарай келе жатқан Land Rover-ді көргенде, өз көзіме сенген жоқпын.