Күні Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Баяғыда бір ақылды қария болыпты. Оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, жеке-жеке жүреді екен. Бір күні әкесі балаларын шақырып, бір бума шыбық береді де: Қане, мынаны сындырыңдар! - дейді. Тоғыз ұл канша тырысса да, бір бума шыбықты сындыра алмайды. Сода кария: - Енді шыбықтарды бір-бірден алып, сындырыңдар! - дейді. Балалары шыбықтарды тез-ақ сындырып тастайды. Сонда әкесі: Балаларым, егер сендердің бірліктерің жоқ болса, дұшпандарың сенд жалғыз шыбықтай оп-оңай сындырады. Ал бірге болсаңдар, ешкім сы алмайды, - дейді. Осыдан бастап балалары бірлікте, татулықта өмір сүре бастайды. Сұрақтарға жауап бер. 1) Әкесі балаларына бір бума шыбықты неліктен берді? 2) Оған не себеп болды? 3) Балаларға шыбықтарды бір-бірлеп сындыру неліктен оңай болды ойлайсың? 4) Мәтіннен қандай ой түйдің? Мәтінге қай мақал сәйкес келеді? А) Өнерлі бала сүйкімді. B) Күшіңе сенбе, ісіңе сен. C) Бірлік болмай, тірлік болмас D) Әкеден –ақыл, анадан-мейір «Өнерлі» сөзі неше буыннан тұрады? А) 2 буынды сөз Ә) 3 буынды сөз Б) 4 буынды сөз