Көктем.Үстеу. Ережемен жұмыс
Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.
Мезгіл үстеу - қимылдың мезгілін білдіретін үстейдің түрі. Мысалы: ертең, кеше, т.б.
Мекен үстеу - қимылдың мекенін білдіретін үстеудің түрі. Мысалы: ілгері, кейін, т.б.
1-тапсырма
Үстеулердің аудармасын оқып, жаттаңдар. Сөйлем құраңдар.
кеше (вчера) жоғары (вверх)
бүгін (сегодня) артқа (назад)
Мезгіл үстеу қазір (сейчас) Мекен төмен (вниз)
кеш (поздно) үстеу кейін (назад)
ерте (рано) ілгері (вперед)
2-тапсырма
Берілген үстеуді сәйкестендір:
Кеше шегінді
Жоғары жүрді
Бүгін барамын
Кейін ұшты
Қазір басталады
Артқа келді
3-тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр/Прочитай текст,составь 5 вопросительных предложения/
Көктем
Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз мейрамында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды.
Көктемде жер беті кілемдей жайнап, әсем қызғалдақтар шешек атады, ағаштар жасыл жапыраққа бөленеді, жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар да қайтып келе бастайды. Көл сәні - сұлу аққу, қаз бен үйрек көлді, даланы думанға айналдырады. Қарлығаш, қараторғай, бозторғай, т. б. құстар ағашқа қонып, әндетіп жүріп, ұя салады.
Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны. Жұрт егіске шығады, жер жыртады, егін егеді, демалады. Балық аулайды, гүл тереді. Көктем - өте көңілді мезгіл.
4-тапсырма
Мәтіннен түсінгеніңді өз сөзіңмен жаз!