Көктем келді. Аққайың бұтақтарындағы өркендер де шетінен бүр жарып*, жапырақ жаюда. Тек кенже
бүршік қана асыға қоймады. Бірақ күннен-күнге жы-
луы күшейе түскен күн сәулесі аймалап жүріп, оны да
қауызын* жарып шықпасына қоймады. Бойына жылу
жүгіріп, есінеген бүршік кенет жарыққа шықты.
Демде жасыл жапыраққа айналды. Ол өзін қоршап
тұрған табиғаттың сұлулығын көріп қайран қалды.
Табиғат қандай әдемі еді! Жапырақ жан-жағына көзі
тоймай қараумен болды. Құстардың сайраған көңілді
үніне құлақ түрді*. Самал желмен тербеле бақытты
күй кешті.
Бір күні күн суыта бастады. Жауын жауғаннан кейін
бойы мұздады*. Жапырақтар сары, қоңыр, қызыл түске
боянды. Аспанды жиі-жиі бұлт торлайтын болды.
Бір күні ол Аққайың анадан табиғаттың бұл өзгері-
сінің сырын сұрады...
танбай кызынан