ИЗ ТЕКСТА ВЫПИСАТЬ СЛОВА СВЯЗАННЫЕ С КОСМОСОМ «Байқоңыр-12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындады. Эки- паж кемедегі жұмыстың бәрін автокосмонавқа жүктеп, үш айлық терең ұйқыға кеткен. Мұндай алыс жолдарды космонавтар анабиоздық ұйқыда өткізеді. «Байқоңыр-12» кемесі космос әлемін жарықтандырып, үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры жасанды адам физиомеханикалық Кибер де «шешініп» жатып қалған. Кенет «апат» аппаратының кернейі сарнап қоя берді. «Байқоңыр-12» жүрісін баяулатып қалыпты. Алдымен Кибер оянды. Ол жан ұшырып механик Осипов- ты жұлқылады. Әп-сәтте бүкіл экипаж аяғынан тік тұрды. Осипов электрондық миды іске қосты. Не боп қалды? Нақты айт! – «Байқоңырға» міндетті түрде қону керек! Электрондық ми аса бір үлкен қауіп болмаса, космос кемесіне қону керек екенін айтпайды. Экспедиция жинап қайтқан материалдар тың және өте құнды еді. Оны аман- есен адамзат ұрпағына жеткізу бұлжымас борыш. Экипаж мүшелерінің әрқайсысы өзінің жұмыс орнында. Жинаған материалдарды сұрыптап, тіркеу- шi космостық қобдиша-ракеталарға салып жатыр. «Байқоңыр» анау-мынау боп кетсе, материалдар өлмесін. Бәрінің ойы Т. Сұлтанбековтен бас- ы тың ОСЫ.