Қиын сұрақтар ?
Деңгейлік тапсырма
5.
Төмендегі мәтінмен танысып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
1-деңгей. Алғашқы азат жолдағы кідірістерді белгілендер.
2-деңгей. «Ө.Тілеуқабылұлы кім?» деген сұраққа кластер құрастырыңдар.
3-деңгей. Оқылым мәтінімен байланыстыра отырып, «Теңдесі жоқ еңбек» атты ша-
ғын мақала жазыңдар.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің
саяси өміріне жүйрік тарихшысы, қоғам қайраткері.
Шешек ауруына қарсы вакцина егуді алғаш ұсынған «Шипагерлік баян »
кітабын Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796)
350 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. Бұл кітаптан оның тек шипагер
ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани
мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды
тұлғасы болғаны айқын аңғарылады