Исатай деген ағам бар Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлымен дос болып, Хан үстіне барғанда, Шабайық ханды дегенде, Шапқандай ханды амал бар, - Амал барда хан шаппай, Тәңірім қылды - не амал бар?! Ат туады байталдан, Айт десең - лебіз қайтарман. Төрт-бес жылдай алысып, Мына тұрған Иса-екем Ханның бір тауын қайтарған. Ат туар ма шұбардай, Ер туар ма бұлардай, Дулығалы бас кесіп, Дұшпанының қанына Ақ алмасын суармай?! ( Махамбет Өтемісұлы) өлеңіне шағын мәтін