IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады Apple өнімдерін құрастыратын « Foxconn Technology » компаниясы жұмысшы адамдарды кұлтемірлерге ауыстыруды бастады . Нақтырақ айтсақ , iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құттемірлер арқылы басқарылатын болады , - деп хабарлайды « mashable.com » сайты . Қазіргі кезде « Фоксбот » ( Foxbot ) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр . Алдағы уақытта « Foxconn » зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ . Бұл ақпаратты « Foxconn » компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады . Гоудің жасаған хабарламасына орай , iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 « Фоксботты » іске қоспақшы екен . 20 000 - нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді . « Apple Insider » ақпаратына сенсек , бүгінде , Қытайда орналасқан « Foxconn » компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен . Жалпы бұл жоспар « Foxconn » компаниясында 2011 жылы басталған болатын . Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған . Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған . Дегенмен , құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып , жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын . 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын . Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді . Дегенмен , бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық . Қалай дегенмен де , құрастырудың бастапқы кезеңде « Foxconn » компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды . Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр . Себебі біз алдында хабарлағандай , iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады . Бұл жыл Аррlе жаңа смартфонның екі түрлі нұскасын шығаруды жоспарлап отыр . Қытайлық жабдықтаушылар кұрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын .