Интернет және қоғам Мәтінді мұқият тыңда. Сөздер мен деректерді қолдан. Интернетке тәуелділіктің неліктен өршіп тұрғанын жауап нұсқаларынан анықта.
Электронды кітап
Адамдар интернетке өте тәуелді
Ұлыбритания, АҚШ және Австралия ғалымдары
Зерттеу бойынша, Facebook, Twitter және Instagram сияқты әлеуметтік желілердің арқасында адамдар көптеген адамдармен араласады.
Күні бойы қолынан телефон түспейтін жастар да, ересектер де интернетке тәуелді. Әлеуметтік желіні қызықтайды, соңғы жаңалықтармен осы жерде танысады, кітапханаға барып, кітап іздемейді, қолжетімді электронды кітаптарды оқиды, т.б. Ұлыбритания, АҚШ және Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша, Facebook, Twitter және Instagram сияқты әлеуметтік желілердің арқасында адамдар көптеген адамдармен араласады. Соның салдарынан шынайы өмірді, шынайы өмірдегі достықты ұмыта бастайды. Мұның бәрі интернетке тәуелділіктен пайда болған жағдайлар.
Электронды кітаптар – заманауи кітапханалардың қызметіне кіреді. Оқырманын ғаламтор арқылы жинап, оларды кітап оқуға қызықтырады, іздегенін еш қиындықсыз табуға ықпал етеді. Facebook, Twitter және Instagram сияқты әлеуметтік желілердің арқасында адамдар бір-бірімен араласып, бұл туралы көптеген ақпараттар алады, сілтемесімен бөліседі. Адамдардың интернетке тәуелділігінің бір себебі – осы.
Соңғы жылдары адамзаттың интернетке тәуелділігі өршіп кетті. Мұны тоқтату қиынға соғуда, себебі олар өз өмірін интернетсіз елестете алмайды. Барлық қызмет түрлерін ұсына алатын интернет адамдарды өзіне тез баурап алды. Ұлыбритания, АҚШ және Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша, Facebook, Twitter және Instagram сияқты әлеуметтік желілердің арқасында адамдар өздері оқыған электронды кітаптары туралы пікірлерімен бөлісіп, қоян-қолтық араласады.
Қазіргі таңда адамдар интернетке өте тәуелді. Күн өткен сайын интернет қызметтері кеңейіп, адамдар сол мүмкіндіктерді қолдануда. Тіпті үйден шықпай-ақ, интернетпен жұмыс жасап, ақша тауып отырғандар да бар. Ұлыбритания, АҚШ және Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша, Facebook, Twitter және Instagram-да адамдар көптеген адамдармен достасады. Шынайы өмірдегі достарымен араласуды ұмыта бастайды.
...................................................