Информация про повара на казахском языке (много информации надо)

17928493 17928493    1   20.05.2019 15:40    0

Ответы
marjna167 marjna167  14.06.2020 01:59
Массагет.кз сайтының Аспаздық рубрикасының тұрақты оқырманы болып, арасынан мәзірлер таңдап, іске кірісіңіз. Бастысы - оңай мәзірлерді үйреніп алу. Сондықтан алғашында әзірленуі қиын, бірнеше сағат даярланатын тағамдардан бас тартыңыз. Жеңіл мәзірлердің арасынан өзіңізге ұнайтынын таңдап, оны "өзіндік" тағамыңызға айналдырыңыз. Бәліш пісіруден бастаңыз. Тәтті бәліштер - аспаз атанудағы бірінші сатыңыз болсын. Бәліштердің дайындалуы көп жағдайда оңай болады, ал дастарханда орны ерекше байқалады. Қонақтарыңыздың өнеріңізге таңқалудан басқа амалы қалмайды, ал өз қолыңызбен пісірген тағам үшін алғыс есту сөзсіз рухтандырады. Аспаздық мастер-классқа қатысыңыз. Ғаламтордан бейнебаянға жазылған мастер-класстарды көруге болады, алайда маманмен шын кездесуде алған әсеріңіз бірнеше есе көп болмақ. Бұндай мастер-класстар мейрамханаларда жиі өткізіледі, оларға жазылсаңыз болғаны. Сабақтарға қатысып, сіз аспаздықтан рухани ләзат алуды үйренесіз. Уақыт өте тамақ әзірлеу күнделікті қажеттілік емес, қызық, пайдалы хобби екенін түсінесіз
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi