III.Жазба жұмысын (эссе) орындау керек. Берілген үзіндіні кіріспе ретінде пайдаланып, ойды қойылған сауал шеңберінде эссенің негізгі және қорытынды бөлімдерін сақтай отырып жалғастыру қажет. Зат есімдердің мағыналық түрлерін жалғаулар арқылы қолданады. Халқымыз «Киіміне қарап қарсы алып, біліміне қарап шығарып сал» деген екен. Бұл әрбір адамның өзіне таныс емес жанның ең бірінші сырт келбетіне назар аударатындығын білдіреді. Содан соң сол бейтаныс кісінің сөйлеген сөзі мен істеген әрекеттері арқылы оған баға берері анық.
Сауал: Адамға жағымды әсер қалдыру үшін бойында қандай қасиеттері болғаны дұрыс? [10]
Жазылымға арналған эссе үлгісі
Эссе құрылымы
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
• Қорытынды
Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез-құлық пен өздеріне ғана тән тұлғалық қасиеттер бар. Бұл бірінші кезекте адамның қандай отбасында тәрбиеленгенімен байланысты. Яғни қарсы алдыңызда тұрған адамның киім киісінен бастап, сөйлеу мәнерінен оның ата-анасының немесе тәрбиесіне араласқан жақындарының қандай адамдар екенін түсінуге болады. Адамдармен тіл табысудың ең бірінші кілті — шекара сақтау, тұлғаның жеке кеңістігіне өтпеу.