— - I. Оқылым. Мәтінді түсініп оқы, берілген тапсырмаларды орында ( ) Қай елдің болса да, астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе Ресей, Пекин десе Қытай, Лондон десе Англия мемелекеттерін көз алдымызға елестетеміз. Біздің мемлекетіміздің бас қаласы Астана. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір-талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады. Астана болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол-әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана іскерлік жаңа мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы жаңа Қазақстанның белгісі. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда. - 1-тапсырма Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. ( ) 2- тапсырма Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.