ХХІ ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болу себебі неде?​

Luchik22 Luchik22    2   28.11.2020 07:58    0

Ответы
Privet38395 Privet38395  28.12.2020 08:07

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

логистик - бұл мамандық туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;

супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;

копирайтер - сайт үшін контент құрушы;

коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi