ХХ ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі ХХІ ғасырдың да ең өзекжарды мәселесі болып отыр . Мұзафар Әлімбаев : « Туған жерді сүю – парыз , сүю үшін білу парыз » десе , ана тілімізді бәріміз де сүюге , қастерлеуге тиіспіз . « Тіл адамның даңқын асырады . Адам ол арқылы бақыт табады » деп Жүсіп Баласағұнның « Құдатғу білік » еңбегінде жазғандай , тіл саясатын көтерген ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса , екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді . Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді . Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы « Дүниеде ешбір тіл өз өзінен шықпайды . Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап , пісіп дүниеге келеді , » – десе , Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған ғҚараш : « Тіл болмаса , ұлт та болмайды , яғни ұлт бүтіндей өлген , жоғалған ұлт болады . Ең әуелі ана тілі қажет . Егер ана тілін білмесең , онда сен ол ұлттың баласы емессің . Ана тілін білмей тұрып , ұлт білімін ала алмайсың . Ұлт білімі болмаса , онда әдебиеттің болмайтындығы өзі - ақ белгілі . Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді » , – деген . Батыс Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х. Досмұхамедұлы тіл туралы : « Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл . Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе , ешбір жұрттың тілінен кем болмайды » , – деген пікірді айтқан . ТАПСЫРМА 1. Мәтіндегі ең маңызды 3 мәселені анықтаңыз . 2. Мәселенің маңыздылығын ғаламдық мәселемен байланыстырып талдау жасаңыз . 3. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз
Тырнакшанык ишиндеги создерди жаз.