Өткен жұмада деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезіктаққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. Қазақ киелі санаған құстың жез таңдайлығына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтанәкелінбекші екен. Міне, біздің саяхатымыз осылай аяқталды.