Халқымыздың ауа райына қатысты танымы тереңде жатыр. Боранды дүлей күшіне, ашуына, бағытына, уақытына, ұзақтығына қарай түрліше атаған.
Боранның табиғи ерекшелігін дәл танып, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат
қоя білген тапқырлығына таңғаласың!
Ауа райына қатысты әртүрлі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тұрақты тір-
кестер, көркем шығармалар да көптеп кездеседі. Ата-бабаларымыздың ауа
райына қатысты болжамдары тереңірек зерттелсе, қазақ халқын табиғатпен
тілдесе алатын және астрономиялық білімі терең халық ретінде әлемге таны-
туға болар еді.
(http://anatili.kazgazeta.kz/?p=26403&cpage=1)
Үй тапсырмасы
Энциклопедиялар мен АКТ материалдарынан ізденіп, боранның тағы қандай түрлері
бар екенін толықтырып жазыңдар.
Тіліміздегі боранның түрлерін жинақтай келгенде, боранның түрлі
«мінезді» болатынын аңғардық. Олар:
Ақ боран. Көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран;
Ақ шұнақ бора